|
27.01.2016 08:07 |
Қымбатты оқырмандар!
Сіздердің назарларыңызға белгілі жазушы Жүсіп Алтайбаевтың «Ағыбай батыр: повесть және әңгімелер» кітабының сандық форматтағы нұсқасын ұсынып отырмыз.
|
Жаңартылды 04.04.2016 14:42 |
Толығырақ...
|
Қасиеттi Ұлытауға ескерткiш орнату қажет |
|
|
|
13.01.2012 06:29 |
Ұлытау – қазақтың хандары мен билерiнiң, әулиелердiң, батырлардың ордасы болған киелi дала. Және қазақтың XIV-XVIII ғасыр аралығында үш жүздiң басын қосқан қасиеттi мекен. Қазақтың үш биiнiң – қаз дауысты Қазыбек би, Төле би, Әйтеке бидiң Ұлытауда бас қосып, қазақтың бiрлiгiн, рухын шақырған жер ешқашан тегiн болмайды. “Ендi неге “Ақ Орда” (хан ордасы) деп аталған мекенге үкiмет ескерткiш қоймайды? Оған Жезқазған жерiндегi Қазақмыс корпорация комбинатының шамасы жетедi ғой” деген ой ерiксiз мазалайды. Және Ұлытау ауданының орталығын дұрыстау қажет, ол үшiн көрнектi үйлер салып, көшесiн реттеп, Хан ордасы аталған жерге монумент-ескерткiш орнатып, туристiк мекемелер ашып, көлiк қатынасын жөндеу қажет. Келешекте Ұлытау өлкесi Қазақстандағы қасиеттi Түркiстан жерiндей аты шығып, халық мұрасына айналады деп ойлаймыз.
|
Жаңартылды 05.09.2012 10:14 |
Толығырақ...
|
|
ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ТАРЫДАЙ КІТАП |
|
|
|
22.11.2011 14:33 |
Жазата туралы көп жазылды. Жазғандардың да, жазылған дүиелердің де жасығын байқаған емеспіз. Алматыдан ат сабылтып келгендердің ішінде халқымыздың мүйізі қарағайдай қаламгерлері де болды. Көлтауысар сынды сарқа жазатын сол сырбаз ағалардан тақырыбыңа талғажау боларлық бірдеңе қалса жақсы. Бірақ “ел іші – кеніш” деген рас. Ерінбегенге саф алтынның өзі болмаса да, күміс пен мысы табылып қалады. Барды ұқсата білетін ұсынақты жанға бұл да кәдімгідей байлық.
|
Жаңартылды 09.08.2012 12:54 |
Толығырақ...
|
22.11.2011 14:31 |
Халқымыздың “Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз.
Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтармызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. “Сонда таусылмайтын қазына не?” – дегенде, ол – адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнделікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан- жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.
|
Жаңартылды 09.08.2012 13:06 |
Толығырақ...
|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңғы >>
|
1 мен 2 беттер |